русский язык
Футбол

«Қайрат» ФК Академиясы заманауи технологияны қолдануда

«Қайрат» ФК Академиясы заманауи технологияны қолдануда

«Қайрат» футбол клубы SoccerLAB бағдарламасының рұқсат-лицензиясын алды.

SoccerLAB – деген бапкерлер мен мамандарға футболшылардың даму жолын бақылауға арналған бейне саралау бағдарламасы.

«Қайрат» - Академия түлектерінің жаттығуы үшін осы бағдарламаны қолданатын жалғыз команда. 

SoccerLAB бағдарламасын Еуропа мен барша әлемнің көптеген клубтары қолданады - «Вердер» (Германия), «Аякс» (Голландия), «Лос-Анжелес Гэлэкси» (АҚШ), Голландия футбол федерациясы т.ғ.б 


 

«Қайрат» ФК сарапшысы Эльшад ХИНИЗОВ:

- Бұл бағдарламамен жұмыс істеп жүргенімізге бір жылдан астам уақыт болды. Жүйесі мынадай: планшетті компьютерге қосасызда ойын барысында керекті жерлерін кесіп аласыз. Бұрында ойынның біткенін күтетінбіз, тек қана содан соң керекті жерлерін кесіп алатынбыз. Ал, қазір SoccerLAB бағдарламысының арқасында мұны онлайн-түрде істейміз, толық ойынды көрмей-ақ жарты сағат ішінде бәрін бітіруге болады. 

- SoccerLAB оқуы қалай өтті?

- Біздің спорттық директор Патрик ван Лиувен донецкілік «Шахтерден» арнайы мамандарды шақырды. Бірнеше күннің ішінде үйреніп алдық. Сондай-ақ, біз Қазақстанда осы бағдарламаны қолданатын жалғыз командамыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;