русский язык

Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова ел біріншілігіне қатыспайды

Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова ел біріншілігіне қатыспайды

Ауыр атлетикадан Лондондағы Олимпиаданың жеңімпаздары алдағы уақытта өтетін Қазақстан чемпионатына қатыспайды. 

Бұл туралы ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни мәлімдеді. 

«Лондондағы Олимпиаданың жеңімпаздары Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедова ел біріншілігіне қатыспайды. Сондай-ақ жанкүйерлеріміз Талдықорғанда әлем чемпионатының жүлдегерлері Алмас Утешов пен Владимир Седовты көре алмайды. Аталған спортшыларымыз биылғы маусымның ең басты додадалары – Азия ойындары мен Әлем чемпионатына дайындалуда», - деді Алексей Ни.

Азия чемпионаты Оңтүстік Кореяда қыркүйектің 19-ы мен қазанның 4-і аралығында өтсе, Әлем чемпионаты Алматыда қыркүйектің 4-і мен 14-і күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;