русский язык

Женевада жеребе тартылды. Кукушкин Федерермен кездеседі

Женевада жеребе тартылды. Кукушкин Федерермен кездеседі

Теннистен Дэвис Кубогының ширек финалындағы алғашқы матчта Швейцария құрамасының бірінші ракеткасы Станислас Вавринка Андрей Голубевпен кездесетін болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісі.

Бүгін, 3-ші сәуір күні Женевадағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде жеребе тарту рәсімі өтті. Жекелей сындағы екінші кездесуге Роджер Федерер мен Михаил Кукушкин шығады. Аталмыш матчтар ертең, 4-ші сәуір күні өтеді. Жұптық кездесулер сәуірдің 5-не жоспарланған. Ал ширек финалдың соңғы күні, 6-шы сәуірде тағы екі ойын өтеді. Жекелей матчтарға Александр Недовесов пен Евгений Королев қатысады.

Жұптық сайыста жерлестеріміз мынадай құраммен өнер көрсетеді: Вавринка/Федерер және Недовесов/Королев.

Жиын барысында Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев шәкірттерінің дайындығы туралы айтты:

- Футболдан чемпиондар лигасында «Селтикпен» кездескен қарағандылық «Шахтер» матч алдында құрбандық шалыпты. Бізге олай істеуге болмайды өкінішке қарай (күледі). Ал шынына келгенде, жігіттердің дайындығы тамаша. Бұл бізге берілген мүмкіндік. Сондықтан жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз.

 


 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;