русский язык
Футбол

Қазбек Гетериев: «Жарконың маған не дегенін ұққан жоқпын»

Қазбек Гетериев: «Жарконың маған не дегенін ұққан жоқпын»

Шымкенттік «Ордабасыға» ауысып кеткен «Қайрат» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Қазбек Гетериев «Қайратпен» өткен ойын жайлы және Жарко Марковичпен болған қақтығыс туралы айтып берді. 

- «Қайратпен» ойын мен үшін маңызды болды деп айта алмаймын, - деп бастады Гетериев. – «Қайрат» - мықты қарсылас. Турнирлік кестеде соңғы орында тұрғандықтан жеңіс біз үшін ауадай қажет болды. Бар күшімізді салып Алматыдан үш ұпай олжалап қайттық. 

- Сізді бапкеріңіз алмастырып жатқан сәтте қарсыластардың қорғаушысы Жарко Марковичпен қақтығысып қалдыңыз.

- Ол менің алаңнан тезірек кеткенін қалады, бірақ мен оның алдында арқамды ауыртып алған болатынмын, сондықтан жылдам қимылдай алмадым. Жарақат ауыр емес, сондықтан келесі ойында алаңға шығамын деген ойдамын. 

- Жарко қай тілде сөйледі?

- Білмедім, әйтеуір бірдеңе деді! (күледі).

- Сіз оған не деп жауап бердіңіз?

- Бұл маңызды емес (күледі).

- «Ордабасы» басшылығы қандай мақсат қойды биылғы маусымға?

- Бастапқы екі турда жақсы ойнадық. Жоғары орындарға ілінуге тырысамыз. Үздік алтылыққа ену үшін бар күшімізді саламыз. 

- «Қайратпен» ойында «Ордабасының» жанкүйерлері көп болды...

- Бар ойым кездесуде болды. Жанкүйерлер тұрмақ, бапкердің не айтқанын естіген жоқпын. Біз гол соққан сәтте, жанкүйерлеріміз бізді алға жетеледі. 

- Артем Касьянов негізгі құрамда ойнауға тиіс пе?

- Онымен енді ғана жұмыс істей бастадым. Сондықтан, ол туралы ештеңе айта алмаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;