русский язык
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырылатын хоккейшілер тізімі жарияланды

Шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырылатын хоккейшілер тізімі жарияланды

Мамыр айында шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынына шақыртылатын ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады.

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны 20-25 сәуір аралығында Астана қаласында өтеді. Келесі жиынды Италия мен Францияда өткізеді.  29 сәуірде Трентода, 30 сәуірде Азиагода Италия құрамасымен, 3 мамырда Руанда, ал ертеңгі күні Парижде Франция құрамасымен кездеседі.

Алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған хоккейшілер тізімі:

Қақпашылар: Виталий Еремеев, Дмитрий Мальгин, Павел Полуэктов («Барыс», Астана), Виталий Колесник («Локомотив», Ярославль), Алексей Кузнецов («Югра», Ханты-Мансийск), Алексей Иванов («Спартак», Мәскеу)

Қорғаушылар: Роман Савченко, Алексей Литвиненко, Евгений Блохин, Максим Семенов, Артемий Лакиза, Владислав Колесников, Евгений Фадеев, Владимир Гребенщиков («Барыс», Астана), Кевин Даллмэн (СКА, Санкт-Петербург), Алексей Васильченко («Трактор», Челябинск), Андрей Корабейников, Юрий Сергиенко («Казцинк-Торпедо», Өскемен), Антон Казанцев («Ермак», Ангарск)

Шабуылшылар: Николай Антропов, Дмитрий Уппер, Федор Полищук, Андрей Гаврилин, Алексей Анциферов, Талғат Жайлауов, Роман Старченко, Константин Романов, Константин Пушкарев, Михаил Паньшин, Михаил Рахманов, Никита Михайлис, Антон Сагадеев («Барыс», Астана), Вадим Краснослободцев («Торпедо», Нижний Новгород), Евгений Рымарев, Александр Казначеев, Константин Савенков, Максим Беляев («Казцинк-Торпедо», Өскемен)

Бас бапкер: Ари-Пекка Селин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;