русский язык
Футбол

«Ордабасы» футбол клубының бюджеттік қаражаты талан-таражға салынған

«Ордабасы» футбол клубының бюджеттік қаражаты талан-таражға салынған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қаржы полициясы департаменті 30-шы наурызда «Ордабасы» клубының бұрынғы директоры Байбұтаевқа және азамат Бартекеевке қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

«Байбұтаев 2007 жылдың сәуір мен маусым айлары, 2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың қарашасына дейінгі аралықта Бартекеевті ресми түрде бапкер, кейін команда менеджері ретінде жұмысқа алып, есепшотқа заңсыз 1,2 млн. теңге сомасында клуб бюджетінің қаражатын аударған.  

Сонымен қатар «Ордабасы» клубының бұрынғы президенті Шкаринге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.  

Шкарин 2008-2009 жылдар аралығында Байтекеев клуб бапкері қызметінде жұмыс атқармайтынын біле тұра, «істелген жұмысын» табельге тіркеп отырған және оның шотына 582 мың теңге көлемінде ақша аударған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;