русский язык
Футбол

Йосип Кнежевич: «Команда өзіне сенімді»

Йосип Кнежевич: «Команда өзіне сенімді»

 Алматылық «Қайраттың» жартылайқорғаушысы Йосип Кнежевич үш турдағы жеңіліске қарамастан команда өзіне сенетінін және жақсы нәтижеге қол жеткізетінін айтты.

- Біз екінші таймда жақсы өнер көрсеттік, бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер болды. Өкінішке қарай, қарсыласымыз қарсы шабуылдағы жалғыз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Неге үш ойын бойы гол соға алмай жатқанымызды білмеймін.

- Жеңіліске қарамастан командаға бәрібірде жанкүйерлік танытуда?

 - Бұл жақсы, өткен маусымнан бері жанкүйерлеріміз бізге қызу қолдау көрсетуде.

- Команда өзінің күшіне сенеді ма?

- Әрине, сенеді. Иә, үш ойын ұтылдық. Бізге келесі ойында үш ұпай алу үшін әлі талай тер төгу қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;