Әлем футболы

«Ювентус» «Тоттенхэмнің» қорғаушысына көз тікті

news-banner7
mobile-news-top

Итальяндықтар Киран Триппьерды команда қатарынан көргісі келеді.

28 жастағы қорғаушы үшін «Ювентус» 30 миллион еуро төлеуге дайын деп The Times порталы хабарлап отыр. «Кәрі сеньораның» оң қапталдағы негізгі қорғаушысы Жоау Канселу «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін. Сондықтан, «Ювентус» басшылығы ағылшын қорғаушысы Канселуды алмастыра алады деп сеніп отыр.

2018/2019 маусымда Киран Триппьер «Тоттенхэм» сапында 38 ойынға қатысып, 1 доп соғып, 5 мәрте голдық пас берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер