Теннис

Зарина Дияс Манчестер турнирінің финалында ұтылып қалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің финалында поляк қызы Магда Линетпен кездесті.

Осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген М.Линетт әлемдік рейтингте 96-орында болса, З.Дияс 101-сатыда еді.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық спортшы алға шыққанымен, содан кейін Линетт сәтті ойнап, есепті 5:2-ге жеткізді. Дегенмен Зарина да қалыспай, таразы тасын теңестірді - 5:5. Ақыры бұл сеттің тағдыры тай-брейкте шешілді. Мұнда поляк спортшысы сәтті ойнай білді - 7:1.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Зарина брейк жасай білді. Бұдан соң қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ - 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Магда Линетт 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 2 сағат 18 минутқа созылды.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер