русский язык

«Қайрат» – «Ордабасы». Ойын соңындағы баспасөз-маслихаты

«Қайрат» – «Ордабасы». Ойын соңындағы баспасөз-маслихаты

Владимир Вайсс  командасының Қазақстан чемпионатындағы қатарынан үш жеңілісінен кейін өзін нашар сезініп, ойын соңындағы пресс-конференцияға қатыспады.

Бірінші болып сөзді «Ордабасының» уақытша бапкері Қуаныш Қаракулов алды:

«Не айтарымды білмеймін, біздің жанкүйерлеріміз бен «Қайраттың» жанкүйерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Шымкенттен ұзақ жол жүріп келген жанкүйерлерімізге бөлек алғыс. Матчқа келсек, ойын тең өрбіді. Тек бізге сәттілік жолдас болды».

Владимир Вайсстың орнына пресс-конференцияға Самвел Костандян қатысты:

«Алдымен кешірім өтінемін, Владимир Вайсс өзін нашар сезініп, баспасөз-маслихатына келе алмады. Ойынға қатысты әріптесімнің айтқанына қосыламын, екі команда да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Бірнеше ойыншылардың бүгін көрсеткен өнеріне риза емеспіз. Алдағы уақытта кейбір позицияға жаңа ойыншылар аламыз».

- Лачны мен Едигарянның өткен үш турда көрсеткен ойынына көңіліңіз тола ма?

- Олар өздерін нашар жағынан көрсетті, қазірше көңіліміз толмайды. Едигарянның алдыңғы маусымды жақсы бастаған болатын, уақыт өте бабына келеді деп ойлаймын. Чемпионаттың басталғанына көп бола қойған жоқ, әлбетте командалар енді ғана бабына келе бастады,

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;