Хоккей

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы өмірден озды

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы өмірден озды
news-banner7
mobile-news-top

15 маусымда Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы және жаттықтырушы Леонид Шиляев қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 1980 жылдан бастап 1994 жылға дейін қарағандылық «Автомобилист» және «Строитель» командаларында өнер көрсетті. 1993 жылы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында 6 матч өткізді.

Ал бапкерлік мансабында ілгерінді-кейінді елордалық «Барыс», павлодарлық «Ертіс», қарағандылық «Сарыарқа» және көкшетаулық «Арлан» командаларында қызмет атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер