Әлем футболы

Golden Boy — 2019 жүлдесіне үміткерлер тізімі белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Tuttosport басылымы беретін Golden Boy — 2019 жүлдесіне үміткерлер тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл жүлде Еуропада 21 жасқа дейінгі талантты футболшыға табысталады.

Жүлдені иемдену үшін оның қазіргі иегері Маттейс Де Лигт («Аякс») қайта таласады. Одан бөлек, үміткерлер қатарында Браим Диас («Реал»), Мусса Диаби («Байер»), Диогу Далот («Манчестер Юнайтед»), Джанлуиджи Доннарумма («Милан»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Маттео Гендузи («Арсенал»), Кай Хавертц («Байер»), Каллум Хадсон-Одои («Челси»), Жоау Фелиш («Бенфика»), Мойзе Кин («Ювентус»), Джастин Клюйверт («Рома»), Родриго («Реал»), Джейжон Санчо («Боруссия Дортмунд»), Винисиус («Реал»), Тимоти Веа («ПСЖ») және Николо Дзаньоло («Рома») сынды жас футболшылар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер