Әлем футболы

«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Селтикке» ауыспайды

«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Селтикке» ауыспайды
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумаси «Селтик» командасына ауыспайтын болды.

Бұл туралы Tbrfootball.com порталы хабарлады. «25 жастағы футболшы өткен маусымда Ла Лигада өткізген 13 матчында бабына келе алмады. «Селтикке» оны алу үшін біраз шығындалуға тура келер еді. Оның «Астанадағы» нәтижесі керемет болғанымен, «Селтик» оны сатып алып, тәуекелге барады. Сол үшін де бас тартты», — деп жазды портал.

Айта кетейік, 2013-2018 жылдары аралығында «Астанада» өнер көрсеткен Патрик Твумаси қазіргі таңда «Алавес» командасында доп тебеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер