Теннис

Зарина Дияс Манчестер турнирінің жартылай финалына шықты

Зарина Дияс Манчестер турнирінің жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің жартылай финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З.Дияс ширек финалда қытайлық, әлемнің 128-ракеткасы Сиюй Ванмен кездесті. Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда Зарина дес бермеді - 7:6 (7:1).

Екінші сетте қазақстандық теннисшінің басымдылығы айқын көрінді - 6:2. Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

Зарина Дияс финалға шығу үшін осы турнирдің екінші, әлемнің 98-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен таласады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер