Әлем футболы

«Реалдың» ойыншысы ұрлықшылардың құрбаны болды

«Реалдың» ойыншысы ұрлықшылардың құрбаны болды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» ойыншысы Лукас Васкестің үйін ұрлықшылар тонап кеткен, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

AS ақпараты бойынша, 27 жастағы жартылай қорғаушы отбасымен бірге Балеар аралдарында демалып жатқанда, қылмыскерлердің құрбаны болған. Ұрлықшылар оның үйіне кіріп, көптеген бағалы затты алып кеткен.

Айта кетейік, соңғы уақытта футболшылар ұрлықшылардың жиі жапа шегіп жүр. Бұған дейін Жорди Альба, Кевин-Принс Боатенг, Карим Бензема, Хоакин, Жерар Пике, Эсекиэль Гарай, Жоффре Кондогбиа, Альваро Мората, Зинедин Зидан мен Исконың үйлерін қылмыскерлер тонап кеткен болатын.

Айта кетейік, Васкес «Реал» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер