Әлем футболы

Рибери мансабындағы басты әділетсіздікті айтты

Рибери мансабындағы басты әділетсіздікті айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Баварияның» бұрынғы вингері Франк Рибери 2013 жылы «Алтын допты» ала алмауын мансабындағы ең басты әділетсіздік деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бұл жәй ғана өкініш емес, мансабымдағы ең басты әділетсіздік. Мен үшін ғана емес, көп адам үшін. Мен шыңда болған едім, бірақ үшінші орын алдым. Сол маусымда Месси мен Роналдуда қызығарлық ештеңе болмады», - деді Рибери.

2012/2013 жылғы маусымда француз «Бавария» сапында Бундеслига, Германия кубогы мен Чемпиондар лигасын иеленген еді.

Ал «Алтын допқа» таласта Рибери үшінші орын алған болатын. Ол Криштиану Роналду мен Лионель Мессиден қалып қойған.

Айта кетейік, биыл Рибери футболдағы мансабын аяқтаған болатын.

Рибери мен Роббен «Бавариядағы» мансаптарын кубокпен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер