15 маусым 13:55

«Номадтың» жаңа маусымға жоспары жарияланды

Елордалық «Номад» Жоғарғы хоккей лигасының 2019/2020 жылғы маусымына арналған дайындық жоспарын жариялады.

Команда шілденің басында жиналады. 2-3 шілде күндері ойыншылар медициналық тексеруден өтеді. Келесі күні жаттықтырушылар спортшылардың дайындығын айқындап беретін сынақтар өткізеді.

Шілденің 6-сы мен 14-і аралығында Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Ал 15-16 шілдеде жолдастық кездесулер жоспарланған (қарсыластар алда белгілі болады).

22 шілдеде «Номад» (Нұр-Сұлтан) сырт алаңында «Сарыарқа» (Қарағанды) командасымен жолдасытқ матч өткіздеі.

Тамыздың 11-14 күндері Орск қаласында Орынбор облысы губернаторының Кубогы жарысына қатысу жоспарланып отыр. 

Одан кейін команда Нұр-Сұлтан қаласында тамыздың 25-не дейін дайындығын пысықтайды. 

Тамыздың 27-29 күндері «Номад» Түмен обысының құрылу күніне арналған дәстүрлі турнирге қатысады. Тамыздың 31-де соңғы оқу-жаттығу жиыны басталады. 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.