русский язык
Бокс

Майкл Конлан есепті теңестірді

Майкл Конлан есепті теңестірді

WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының төртінші маусымының Astana Arlans және Team Germany командалары арасындағы 1/4 финалының бірінші кездесуінде 56 кг салмақтағы Майкл Конлан және Меирболат Тоитов жекпе-жекке шықты.

Бірінші раундта қарсыластар бір-бірінің осал жерлерін іздеді. Бірақ, раунд аяқталар тұста Майкл Конлан бірнеше соққылар жіберіп, бірінші кезеңді өзінің пайдасына шешті.

Үшінші раундта да Конлан шабуылды тоқтатпады. Алайда, Меирболат Тоитов сәтті қорғана білді. Өткен раундтағыдай төрешілер жеңісті неміс клубының боксшысына берді.

Бесінші раунда Майкл Конланның жеңетіні белгілі болды. Бірақ, Меирболат соңына дейін дес бермеді. Мүмкін, намысқа тырысқан шығар.

3:0 (50:45, 50:45, 50:45) есебімен Майкл Конлан жеңіске жетіп, есепті теңестірді. Astana Arlans - Team Germany 1:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;