«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Реалға» ауысты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖапон футболшысы Такефуса Кубо мансабын мадридтік «Реалда» жалғастырады.
Әзірге ол мадридтік клубтың қосалқы командасында доп тебетін болады. «Реал» 20 жасар футболшы үшін «Токио» командасына 2 миллион еуро төледі. Ал Кубоның өзі жаңа командасында жылына 1 миллион еуро жалақы алады.
Бұған дейін Такефуса Кубоға ПСЖ командасы да қызығушылық танытқан. Оған қоса жапон ойыншысы сегіз жыл бойы «Барселонаның» академиясында доптың қыр-сырына үйренген.