Әлем футболы

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Реалға» ауысты

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Реалға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Жапон футболшысы Такефуса Кубо мансабын мадридтік «Реалда» жалғастырады.

Әзірге ол мадридтік клубтың қосалқы командасында доп тебетін болады. «Реал» 20 жасар футболшы үшін «Токио» командасына 2 миллион еуро төледі. Ал Кубоның өзі жаңа командасында жылына 1 миллион еуро жалақы алады.

Бұған дейін Такефуса Кубоға ПСЖ командасы да қызығушылық танытқан. Оған қоса жапон ойыншысы сегіз жыл бойы «Барселонаның» академиясында доптың қыр-сырына үйренген.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер