русский язык
Футбол

Гус Хиддинк Нидерланд Ұлттық құрамасын Бразилиядағы әлем чемпионаты аяқталған соң қолына алады.

Голландия құрамасының қазіргі бас бапкері Ван Галь Әлем чемпионаты аяқталған соң кететіндігін айтқан болатын. Нидерланд Футбол ассоциациясы келесі бапкерді таңдап қойды. Хиддинк ресми түрде жұмысына 1 тамыз күні кіріседі және ЕУРО-2016 додасы аяқталғанша бапкерлік қызметін атқарады. Оған 37-жасар Рууд ван Нистелрой және 52-жасар Данни Блинд көмектесетін болады.

«Нидерланд Ұлттық құрамасын баптау – мен үшін үлкен құрмет. Данни Блиндпен және Руудом ван Нистелромен бірге биік жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Өзімнен кейін мұрагер дайындап және оны ойын философиясын жетік түсіндіріп кететінімнен федерация тек қана ұтады», - дейді 67-жасар бапкер.

1998 жылы Хиддинк ПСВ-ны баптап жүріп, Еуропа чемпиондар Кубогін жеңіп алды. Голландия құрамасымен ЕУРО-96 және ӘЧ-98 жартылайфиналына дейін жетті. Оңтүстік Кореяны ӘЧ-2002 жартылайфиналдық кезеңіне шығарды және Ресей құрамасымен ЕУРО-2008 додасының қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;