Күрес

Нұрбақыт Теңізбаев: Жастарға сенім артып, таланттың ұшталуына жол ашып отыр

news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазіргі таңда Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып жатқан Нұрбақыт Теңізбаев та елдегі соңғы өзгерістер туралы пікірін ортаға салды.

- Қазақстан Респубилкасының Президенті еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек ету үшін атқаратын жоба-жоспарын таныстырып, мемлекеттік қызметке керек әділеттілік, адалдық, ашықтық, шынайылық сынды қасиеттерге басымдық берілетінін ұғындырды. Қарапайым халықтың көкейін тербеген әділдіктің ақ туы асқақтайтынын, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырынан құрту үшін бар мүмкіндік жұмсалатынын айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен халықтың әл-ауқатының артуы, әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуі, тұрмыстық теңсіздікті болдырмау секілді аса өзекті мәселелердің түйіні тарқатылатынын жеткізді. Президентіміздің игілік баршаға, сабақтастық, өрлеу атты көкейкесті әрі өзекті тұғырнамасы киелі қазақ елін өрлететініне бек сенемін. Дәл осының ішінде салауатты өмір салты да артып, елдің туын көтеретін дені сау ұрпақтың тәрбиеленіп шығатыны анық. Осы арқылы елімізде спорттың қанаты одан ары кеңге жазылмақ. Сонымен қатар, Президент Ел болашағы –жастарға көңіл бөлетінін, жалпы ел еңсесінің биік болуы үшін, Қазақстанның дамуы үшін барын салатынын жеткізді. Бұл бізге жасаған үлкен қолдау. Жастарға сенім артып, таланттың ұшталуына жол ашып отыр. Олай болса, бізге ең керегі тыныштық, бейбітшілік, береке-бірлік пен ынтымақтастық" - дейді Нұрбақыт Теңізбаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер