Бокс

Мырзағали Айтжановтың жүлдесіне арналған турнир ұйымдастырылды

news-banner7
mobile-news-top

Ел спортына еңбегі сіңген бапкер Мырзағали Айтжановтың жүлдесіне арналған турнир алғаш рет Шымкентте ұйымдастырылды.

Қарабастау тұрғын алабында орналасқан орта мектепте бүгін үлкен мереке. Мұнда еліміздің бокс жұлдыздары турнир ұйымдастыруда. Шымкенттің зәулім ғимаратын жалға алмай, шараның қала сыртындағы шағын алаңда өтуінің өз себебі бар. Мырзағали Айтжанов осында туып өскен. Ауылдан жырақ кеткен ол балалық шаққа қайта саяхат жасады.

Бұл мырза ағаның құрметіне ұйымдастырылған алғашқы турнир. 9 жыл бойы Ұлттық құраманың бас бапкері болған Айтжановтың айтулы еңбегін жеке шәкірттері ғана жоғары бағалағандай. Ал өзгелері Президент Кубогының соңында жүр. Десе де еткен еңбек елеусіз қалмайды. Әлемнің екі дүркін үздік бокс бапкерін құрметтеуге бір қауым ел жиналды.

Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиев те бапкер жолын қуып, шәкірт тәрбиелеуде. Спорт мектебінде жаттықтырушы болып жүр. Бүгінгі турнирге ол ізбасарларын ерте келіпті.

Жарысқа қатысушылардың ең жасы 9-да, салмағы 24 келі. Былғары қолғап пен бас киімін әрең көтерген бұл балақайлар юниорлар командасына үміткер. Әзірге алғашқы іріктеуден өтуде. Ал чемпиондар жексенбі күні белгілі болады.

Түпнұсқасы: otyrar.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер