русский язык
Хоккей

«Барыс» Гагарин кубогымен қоштасты

«Барыс» Гагарин кубогымен қоштасты

ҚХЛ аясындағы плей-офф кезеңінің ширек финалында елордалық «Барыс» хоккей клубы Уфада жергілікті «Салават Юлаевтан» ұтылып, Гагарин кубогының жарыс жолынан шығып қалды.

Есепті бірінші болып айдын иелері ашты. Иван Вишневский Алексей Кайгородовтың пасын ұтымды пайдаланып, Еремеевтің қақпасына дәл соққы бағыттады -1:0. Матчтың 12-ші минутында «Барыс» хоккейшілері есепті теңестірді. Константин Руденконың пасынан Евгений Блохин таразы басын теңестірді - 1:1. Әйтсе де, уфалықтар қонақтар қақпасына тағы екі шайба соқты. Алдымен, Игорь Мирнов командасын есепте алға шығарса, Антон Слепышев есепті 3:1-ге жеткізді. Матчтың аяқталуына төрт минут қалғанда Найджел Доус есепті қысқарта алды – 3:2. Дегенмен, ойын соңына дейін «Барыс» хоккейшілері есепті теңестіре алмады. Қорытынды есеп 3:2.

Осылайша, «Салават Юлаев» сериядағы есепте төртінші жеңісіне қол жеткізіп, келесі кезеңге жолдама алды.   

 

«Салават Юлаев» (Уфа) – «Барыс» (Астана) 3:2 (1:1, 0:0, 2:1)

1:0 – Вишневский (Кайгородов) – 03:36

1:1 – Блохин (Антропов, Руденко) – 12:45

2:1 – Мирнов (Макаров, Кулда) – 42:45

3:1 – Слепышев (Степанов) – 51:44

3:2 – Доус (Баркер) – 56:24

ҚақпашыларВасилевский – Еремеев

Сериядағы есеп4:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;