русский язык
Футбол

Шымкенттіктердің Алматыдағы тойы. «Ордабасы» «Қайраттан» басым түсті

Шымкенттіктердің Алматыдағы тойы. «Ордабасы» «Қайраттан» басым түсті

Қазақстан чемпионатының  3-ші турында алматылық «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» кездесті. Айта кетер жайт, бұл ойын команда капитаны Самат Смақов үшін «Қайрат» сапындағы 100-ші матч. Алматының орталық стадионында өрбіген матч есебімен шымкенттік команда пайдасына шешілді.

Ойын бастала салып алматылықтар шабуылға шықты. Бастапқы 10 минут «Қайраттың»  басымдығымен өтті. Бірінші соққыны Михаил Бакаев қақпаға бағыттады, бірақ доп қақпадан қиыс кетті. Қуаныш Қаракулов шәкірттері лезде жауап қайтарды. Бұрыштан көтерілген допқа бірінші болып жеткен Фрейре де Араужу допты қақпа маңдайшасынан асырып тепті. 23-ші Едигарян алаң ортасынан суырылып шығып допты қақпаға тура бағыттады, бірақ Андрей Цветков өз орнынан табылды. Шабуылға оң жақ капталдан қосылған Кислицын екінші мәрте допты қақпаға қарай тебеді, алайда «Ордабасы» қақпашысы тағы да шеберлік танытты. Бірінші тайм аяқталар тұста Бауыржан Исламхан Бакаевпен пас алмасып, қақпаға тепкен, алайда доп қақпа маңынан өтті. Осылайша алғашқы кезеңде есеп ашылмады.

Екінші тайм бастала салып, қарбалас сәтте ұзын бойлы Маркович баспен допты қақпаға бағыттады. Матчтың 55-ші минутында «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Қазбек Гетериевтің «тоғыздыққа» тепкен добын Лория қайтара білді. Көп ұзамай алматылықтар сапынан Едигарян жойқын соққымен жауап берді. Алайда діттегеніне жетпеді. Матчтың аяқталар тұсында «Ордабасы» ойыншылары шабуылға шықты. Сол қапталдан Азат Нұрғалиевтің көтерген добына бірінші болып жеткен Араужу допты қақпаға бағыттады, бірақ Лория өз орнынан табылды. Ойынның 86 минутында шымкенттік команда діттегеніне жетті. Қорғаныстағы қателікті пайдаланған Эдин Юнузович баспен допты қақпашыдан асырып есепті ашты – 1:0. Арада екі минут өткенде «Қайрат» оңтайлы сәтте гол соғатын мүмкіндігін жіберіп алды. Қақпа алдындағы қарбаласта шымкенттік қорғаушылар допты айып алаңынан шығарып жіберді. Ақыры екінші тайм аяқталып, «Ордабасы» сырт алаңда үш ұпай олжалады.

Премьер-лига. 3- ші тур.

«Қайрат» - «Ордабасы» - 0:1 (0:0)

Гол: Юнузович 86

«Кайрат»: Лория, Плиев, Гурман, Маркович, Кислицын, Смақов, Бакаев, Едигарян (Нехтий 87), Исламхан (Бауыржан 81), Лачны (Кнежевич 73), Сисей

«Ордабасы»: Цветков, Мвесинга, Мухтаров, Араужу, Сүйімбаев, Диакате, Гетериев, Левин, Төлебек, Әшірбеков (Касьянов 75), Юнузович

Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Өскемен), Евгений Бельский, Алксандр Полуэктов (Тараз)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;