Дзюдо

Елдос Сметов Президенттің бағдарламасына қолдау білдірді

news-banner7
mobile-news-top

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль иегері, 2015 жылы еліміздің астанасында ұйымдастырылған әлем чемпионатында жеңімпаз атанған дзюдошы Елдос Сметов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасына қолдауын білдірді.

- Қазақстан жаңа даму жолына түсті. Жаңа уақыт – жаңа талаптар. Осы уақыт үдесінен шығу мақсатында еліміздің жаңашылдықтар орын алуда. Соның ең маңыздысы кезектен тыс Президент сайлауы болды деп ойлаймын. Осы сайлауға озып шыққан Қасым-Жомарт Кемелұлын жеңісімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті өз кезегінде спортшыларды қолдап, еліміздің жеңісіне шын қуанып отырды. Еліміздің жаңа басшысы атанған Қасым-Жомарт Кемелұлын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын жалғастырып, спортшылармен бірге болады деп сенемін!, дейді Елдос Сметов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер