Басқа

Шымкентте 3 бала суға батып кете жаздады

news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттегі Бадам су қоймасында триатлоннан сайыс өтіп жатқан кезде үш жас спортшы суға батып кете жаздады. Бұл туралы «Хабар 24» мәлім етті.

Жағалауды бақылап жүрген құтқарушылардың қырағылығы арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды.

Алдымен жүзуден 100 метрлі қашықтық сайысына қатысқан 16 жастағы бозбала құтқарылды. Су ішінде оның аяғы тартылып, тұншыға бастаған.

Бір сағаттан кейін ТЖД-нің құтқарушылары 11 жасар қыз баланы құтқарды. Ол судағы қауіпсіздікті бұзып, спортшылармен соқтығысып қалған.

Кейіннен 2007 жылы туған тағы бір жасөспірім қауіпке ұшырады. Оны да судан аман-есен алып шықты.

Аталған ведомствоның мәліметінше, осы жылы Шымкентте суға батып бара жатқан 4 адам құтқарылған.

Қайғылы оқиға тіркелмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер