«Тобыл» өз алаңында «Жетісуге» есе жіберді
![«Тобыл» өз алаңында «Жетісуге» есе жіберді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1396091431_159690658.jpg?v=28694967)
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында қостанайлық «Тобыл» Затобольскіде талдықорғандық «Жетісуден» жеңілді.
Есепті бірінші таймның соңында «Жетісудің» ойыншысы Константин Заречный ашты. Ал ойынның 72-ші мимнутында «Тобылдың» қақпашысы Александр Петухов өз айып алаңында ереже бұзып қызыл қағаз алды. Төреші белгілеген он бір метрлік соққыдан Сергей Шафф мүлт етпеді – 0:2.
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 3-ші тур.
«Тобыл»-«Жетісу»-0:2 (0:1)
Голдар: Заречный, 12, Шаф, 73
Алаңнан қуылды: Петухов, 72