Ресейлік бапкер «Қайратты» жаттықтырмайды

Ресейлік бапкер «Қайратты» жаттықтырмайды
news-banner7
mobile-news-top

Отандық БАҚ ресейлік бапкер Сергей Ташуев қазақстандық «Қайратпен» келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Алайда pressball.by басылымы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сергей Ташуев қазір солигорлық «Шахтерді» жаттықтырып жүр. Команда ауыстыру ойында жоқ.

Айта кетейік, «Қайраттың» осы маусымдағы нәтижесі клуб басшылығының көңілінен шықпай келеді. Сол себепті жақын уақытта бас бапкер Алексей Шпилевскийдің орнынан кетуі мүмкін екені белгілі болған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер