Премьер-лиганың мамыр айындағы үздіктері анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой футбол лигасы дауыс беру арқылы чемпионаттың мамыр айындағы үздік бапкері мен футболшысын анықтады.

Дауыс беруге командалардың бас бапкерлері қатысты.

Үздік бапкер атағын «Қайсар» тізгінін ұстаған Стойчо Младенов жеңіп алды. Болгариялық маманның баптауымен қызылордалықтар мамыр айында 6 матчта 5 мәрте жеңіс тойын тойлған еді.

«Ордабасы» сапында өткен айда біріншілікте бес доп соққан Жоао Паулоға футболшылар арасынан ешкім тең келе алмады. Бразилиялық легионер дауыс беру қорытындысы бойынша «Қайсардағы» Тигран Барсегян мен «Қайраттың» шабуылшысы Адеринсол Эсеоланы басып озды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер