Сан-Мариномен болған матчта Исламхан үздік деп танылды

news-banner7
mobile-news-top

SofaScore сараптамалық порталы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өткен Қазақстан - Сан-Марино(4:0) матчына қатысқан футболшыларға баға берді.

Ең жоғарғы 10 баллды Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан алды. «Қайраттың» футболшысы гол соқты, және нәтижелі пас берді. Ал, алматылық ұжымның тағы бір аяқдопшысы Гафуржан Сүйімбаев 9.2 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Сүйімбаев та бұл матчта мергендік танытты. Үшінші сатыны 8.2 деген баға алған ұлттық құраманың қорғаушысы Сергей Малый еншіледі.

Сан-Марино сапынан үздік деп қақпашы Элиа Бенедеттини(7.5) танылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер