Бокс

Головкин Альварестен бұрын америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Головкин Альварестен бұрын америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі алдында кіммен айқасуы мүмкін екені белгілі болды.

Беделді бокс сарапшысы Майкл Монтероның айтуы бойынша, Головкин «Канелоға» қарсы жұдырықтаспай тұрып оны орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жекпе-жек өткізуге міндеттеуі мүмкін.

Америкалық боксшы мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, ешбірінде жеңіліс таппаған. Ал 17 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Андраденің 29 маусым күні поляк боксшысы Мацей Сулецкийге қарсы жекпе-жегі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 9 маусым күні Нью-Йоркте өткен канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин тынығып, қалпына келуге мұрсат алды. Ал осы кездесуден соң қазақстандық боксшы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер