Қазақстан Сан-Мариноның қақпасына жауапсыз 4 гол соқты

Қазақстан Сан-Мариноның қақпасына жауапсыз 4 гол соқты
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өткен Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы матчта 4 гол соғылды.

Есепті алғашқы таймның соңында Исламбек Қуат ашты. Ал екінші таймда алаңға тыңнан шыққан Максим Федин есепті еселей түссе, арада бірер минут өткенде Ғафуржан Сүйімбаев жойқын соққысымен қарсылас қақпасын дәл көздеді. Соңғы голды ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламхан соқты.

ЕУРО-2020. І тобы

Қазақстан - Сан-Марино 4:0 (1:0)

Қазақстан: Дмитрий Непогодов (Қ) - Ян Вороговский, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Ғафуржан Сүйімбаев, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан (К), Абат Аймбетов, Бауыржан Тұрысбек.

Резерв: Стас Покатилов (Қ), Игорь Шацкий (Қ) - Елдос Ахметов, Олжас Керімжанов, Абзал Бейсебеков, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Юрий Перцух, Георгий Жуков, Максим Федин, Тохтар Жаңғылышбай.

Бас бапкер - Михал Билек

Сан-Марино: 23 Э. Бенедеттини (Қ), 2 Чезарини, 4 Мик. Баттистини, 5 Лунадеи, 6 Ф. Витайоли, 7 М. Витайоли (К), 8 Нанни, 9 Муларони, 13 Грандони, 15 Бролли, 19 Л. Ченсони.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер