Сан-Мариноның бас бапкері Қазақстан құрамасы жайлы ойын айтты

Журналист
Сан-Мариноның бас бапкері Қазақстан құрамасы жайлы ойын айтты
Сан-Марино құрамасының бас бапкері Франко Варрелла Қазақстанмен ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Біздің құраманың өткен ойыны туралы айтатын болсақ, қарсыластың деңгейі жоғары болды. Біздің дайындықтың аздығы туралы сөз болмауы қажет. Қысқа мерзім ішінде екі ойынды сырт алаңда өткізу  біз үшін басты мәселе. Уақыт белдеуіне бой үйрету қиын.

- Ресеймен ойыннан кейін негізгі құрамның ойыншыларын алмастыру туралы ой келмеді ме?

- Ауыр жеңілістің дайындықтың жоқтығына байланысты емес екенін айттым. Түбегейлі өзгеріс енгіземін деп айта алмаймын. Ойыншылардың дайындығына қараймыз.

- Қазақстан үшін Сан-Марино – жаңа қарсылас. Қазақстан туралы не айтасыз?

- Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жақсы орында тұр. УЕФА Ұлттар лигасында жақсы ойын көрсетті. Кейін бас бапкер ауысып, ойынға өзгеріс енді. Мәселен, бес қорғаушымен ойнайды. Өткен ойынды ескере отырып, Қазақстанмен болатын кездесу қиынға түседі деп ойлаймын. Қазақстан құрамасы туралы жақсы сөз ғана айта аламын. Ойыншылардың сапасы жоғары.

- «Астана Арена» стадионында жасанды алаң төселген. Мұндай алаңда жиі ойнайсыздар ма?

- Біздің құраманың көптеген ойыншылары ел чемпионатында ойнайды. Қалғандары Италияның біріншіліктерінде доп тебеді. Сан-Марино чемпионатының ойындарының басым бөлігі жасанды алаңда өтеді. Сол себепті, біз үшін ешқандай мәселе емес. Стадионның жасыл алаңының сапасын жаман емес. Шотландия футболшылары үшін қиын болған шығар. Ертең жеңіліп жатсақ, жасанды алаң кінәлі болмайды.

Түпнұсқасы:kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.