Бокс

БАҚ: Головкинде «Канелоны» жеңетін мүмкіндік болмайды

news-banner7
mobile-news-top

FightNights.com порталының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында болуы мүмкін үшінші жекпе-жек туралы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші кездесуге қатысты ала-құла сезім туындап отыр. Бір жағынан олардың екі жекпе-жегі де әсерлі әрі өз карьераларындағы үздік кездесу болды. Бірақ екінші жағынан бұл тағы да жақын жекпе-жек болады. Ал оның нәтижесінде Головкин неше раундта жеңіске жетсе де, кездесуді ұта алатын мүмкіндік болмайды», - деп жазды БАҚ.

Айта кетейік, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен: алғашқысы 2017 жылы болып, боксшылар тең тарқасқан. Ал тура бір жылдан соң «Канело» жеңіске жеткен болатын. Енді боксшылар биыл 14 қыркүйекте үшінші рет жұдырықтасуы ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер