Михал Билек: Үйде үш ұпайды қалдыру үшін шабуылға шығамыз

Журналист
Михал Билек: Үйде үш ұпайды қалдыру үшін шабуылға шығамыз
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер Михал Билек Сан-Мариномен ойында алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді:
- Бельгияға қарсы Қазақстанның ойынына қандай баға бересіз?

- Әлемнің ең үздік командасы қарсы тұрғанымызды барлығы біледі. Олардың жеңісі - заңдылық. Ойыншыларым тырысып бақты, оларға кінә артпаймын. Қарсылас мықты болды. Баға бермеймін. Ойыннан кейін футболшыларға ойымды айттым. Айтылған сөз команданың ішінде қалады. Сан-Мариномен өтетін ойынға дайындықты бастап кеттік.

- Сан-Марино құрамасы туралы не айта аласыз?

- Сан-Мариномен ойын түбегейлі басқаша болады. Бельгиямен кездесуде қорғанысқа баса назар аудардық. Ертең басқа ойын болады. Үйде үш ұпайды қалдыру үшін шабуылға шығамыз.

-  Ұлттық құрамада алғаш рет алаңға шыққан Марочкин мен Айымбетов ертеңгі ойында негізгі құрамда алаңға шығуға қаншалықты дайын?

- Олардың ойынына менің көңілім толды. Абат Айымбетов алаңға шығып, өзінің шеберліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Марочкин алғаш рет ойнады. Премьер-лига ойындарының қорытындысы бойынша ол ұлттық құрамаға шақырту алуға лайық болған қорғаушылардың бірі. Асхат Тағыберген де сапалы ойыншы екенін дәлелдеді.

- Қазақстан құрамасындағы нәтижелеріңізге қаншалықты көңіліңіз толады?

- Ресей және Бельгия құрамаларымен өткен ойын жоғары деңгейге көтерілу үшін қаншалықты жұмыс істеу қажет екенін көрсетті. Олар біздің басты проблемаларымызды көрсетті. Енді оларды шешу жолдарын қарастыру қажет. Шотландиямен ойын кез келген қарсыласқа лайықты қарсылық білдіруге болатынын байқатты. Алғашқы екі турдан кейін ұлттық құрамаға жаңа футболшыларды шақырдық.

- Роман Муртазаев кеңейтілген тізімге неге енбеді?

- Өйткені, дайындығы Муртазаевтан жақсы футболшылар болды. 

- «Астана» мен «Қайрат» футболшыларының дене даярлығы ойын тәжірибесінің жетіспеуіне байланысты нашар екені айтылды. Талғарда осы мәселені шеше алдыңыз ба?  

- «Қайрат» ойыншылары, оның ішінде Бауыржан Исламхан дайындықтары жақсы екенін көрсетті. «Астана» футболшылары туралы да солай айта аламын.

- Жарақатына байланысты қатардан шығып қалған ойыншылардың арасында оралғандар бар ма?

- Бельгияға бармаған футболшылардың арасында Дмитрий Шомко ғана қалды. Оның аздап жарақаты болған. Сол себепті елде қалдыруды жөн санадық. Бүгінгі жаттығуда оның Сан-Мариномен ойынға қаншалықты дайын екенін байқаймыз.

- Александрь Меркельдің сырқаты қаншалықты ауыр? Ол жаттығуға да қатыспады. 

- Тұмау тиген. Дәрігерлер ойнауға тыйым салды. Қалған ойыншылардың денсаулығына әсерін тигізбегені абзал.

- Ресей құрамасы Сан-Мариноны ірі есеппен ұтты - 9:0. Қазақстан құрамасы рекордын жаңарта ала ма (Қазақстанның ең ірі жеңісі 7:0)?

- Іріктеу кезеңінде алғаш рет рейтингі бізден төмен командамен ойнаймыз. Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен алғаш рет кездеспек. Жеңіске жету міндет. Әр ойын - тарихтың жаңа парақшасы.

- Ойын жүйесіне өзгеріс ене ме?

- Жаттығуда әртүрлі ойын жүйесін пысықтадық. Қарсыластың ойындарын талдадық. Ойын барысында өзгерістер енгізуіміз әбден мүмкін.

Түпнұсқасы:kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.