русский язык
Бокс

Головкин мен Чавестің кездесуі кейінге шегерілді

Головкин мен Чавестің кездесуі кейінге шегерілді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші Чавестің кездесуі 12 шілдеден 19 шілдеге ауыстырылды.
 
Кездесу туралы келісімдер әлі толық аяқталған жоқ, алайда, Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатымен сәйкес келіп қалмауы үшін, кездесу күні өзгертілді, деп хабарлайды Ringtv.craveonline.com.
 
Бұған дейін қазақстандық боксшының кіші Чавеспен кездесуі үшін салмақ өзгертуі керектігі айтылған болатын. Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық боксшы салмағын шамадан асырып жіберсе, онда оның тобы айыппұл төлейтінін хабарлады.
 
Сондай-ақ, кездесу Лос-Анджелесте емес, Колифорнияда өтетіні туралы мәлім болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;