Теннис

Надаль 12-рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды

Надаль 12-рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль 12-інші рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Испаниялық спортшы қарсыласын 6:3, 5:7, 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Бәсеке 3 сағат 1 минутқа созылды.

Өткен жылғы финалда да қос теннисші кездесіп, Надаль 6:4, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сонымен қатар, Надаль «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі 18-інші табысына қол жеткізді. Бұл жөнінен ол швейцариялық Роджер Федерерге жақындай түсті. Оның еншісінде 20 титул бар. Әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович үшінші орында тұр, ол «Үлкен дулыға» турнирлерін 15 мәрте ұтып алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер