Михал Билек: Сырт алаңда ойнау оңай емес

Михал Билек: Сырт алаңда ойнау оңай емес
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Бельгиямен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ойынға көңіліңіз толды ма?

- Қарсыластың барлық позицияда мықты ойыншылары бар. Матч алдында олардың ойын сапасы жоғары екенін білдік.

- Кездесуге екінші таймда араласқан Қазақстан құрамасының футболшылары ойынға серпіліс берді ме?

- Исламхан, Тағыберген және Айымбетовтің алаңға шығуымен қарсыласымыз кейбір сәттерде қарқынын бәсеңдетті. Олар бірінші таймдағы толық басымдығын жүзеге асыра алмады.

- Қазақстанға бір гол соғу үшін не жетіспеді?

- Бірінші таймда көп қате жібердік. Бельгия футболшылары айтарлықтай прессинг көрсетті. Екінші таймда ойын қозғалысы жақсарды. Бельгия құрамасы лайықты жеңіске жетті.

- Ян Вороговский оң қапталдан сол қапталға ауысты. Осы позицияда Ғафуржан Сүйімбаев бар емес пе?

- Ғафуржанның екі сары қағазы бар. Сол себепті ойнамады. Үш күннен кейін тағы бір ойын бар.

- Футболшылар жасыл алаңда жанкешті ойын көрсете алды ма?

- Кез келген команда үшін сырт алаңда ойнау қиын. Футболшылар жан-тәнімен беріліп ойнады. Бірінші таймда допты көп жоғалттық. Ол қарсыластың жоғары деңгейімен байланысты.

- Үзілісте футболшыларға не айттыңыз?

- Жоғары ойнап, қорғаныста жинақы қимылдауды тапсырдым.

- Жарақат алған футболшылардың қайсысы Сан-Мариномен ойынға дайын болады?

- Әзірге айту қиын. Дмитрий Шомко оралуы ықтимал.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер