Ауыр атлетика

Денис Ұланов British International турнирінде алтын медаль еншіледі

news-banner7
mobile-news-top

7-9 маусым аралығында Англиядағы «Рико Арена» стадионында British International Open 2019 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл турнир 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу деңгейіндегі жарыс саналады.

Бұл біріншілікте ел намысын Илья Ильин (96 келіге дейінгі салмақ) мен Денис Ұланов (81 келіге дейінгі салмақ) қорғайды.

Бүгін халықаралық жарыста Денис Ұланов бақ сынады. Ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 325 (145+180) келіні бағындырып, British International Open турнирінің алтын медалін алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер