ММА

Астанада ММА-дан титулды үш жекпе-жек өтеді

news-banner7
mobile-news-top

28 маусым Қазақстан астанасындағы "Барыс-Аренада" M-1 Challenge 102 турнирі өтеді. Бұл жарыс аясында әлем чемпионы атағы үшін үш жекпе-жек болады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Қазақстан - Бразилия


Жартылай орта салмақта M-1 Challenge чемпионы Шавкат Рахмонов титулын қорғайды. Оның қарсыласы бразилиялық Тьяго Варежао Ласердаболады, ол 34 жекпе-жегінің 28-де жеңіске жеткен.

АҚШ

Жартылай жеңіл салмақта жанкүйерлер 2017 жылғы M-1 Challenge турнирінің ең үздік жекпе-жегінің қарымтасын көре алады - Нэйт Ландвери мен Виктор Колесников. Бұл жекпе-жекте америкалық файтер жеңіс
ке жетті, ал келесі кездесуінде чемпион белбеуін иеленген еді. Енді бұрынғы қарсыластар қайта жұдырықтасады.



Қазақстан - Ресей

Қазақстандық Сергей Морозов бұрын да титул үшін жұдырықтасып, алайда, Мовсар Евлоевты жеңе алмаған еді. Осыдан кейін қатарынан үш жеңіске жеткен қазақстандық спортшы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға тағы бір мүмкіндік алды. Оның қарсыласы Александра Шлеменконың жеңілмеген тәлімгері - Александр Осетров. Олар Мовсар Елоевтің UFC-ге өтуіне байланысты ең жеңіл салмақта бокс қалған M-1 Challenge титулы үшін жұдырықтасады.

Турнир ұйымдастырушылары М1-Global (Ресей) "Аралас жекпе-жектен біріккен Қазақстан ММА федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі. Федерацияға Ғалымжан Есенов жетекшілік етеді, бас директоры Уалихан Тен. Республикалық бірлестік Кәрім Мәсімов басшылық ететін Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының аясында жұмыс атқарады.

Жалпы турнир аясында көреремендер 13 жекпе-жек тамашалай алады. Басталуы жергілікті уақытпен 16:30.

Түпнұсқасы: kaz.vesti.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер