Басқа

Қарағанды облысында сауықтыру кешені ашылды

news-banner7
mobile-news-top

Қарағанды облысының Абай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Мұнда волейбол, баскетбол, шағын футболға арналған залдар және жаттығу бөлмесі бар. Тәулігіне шамамен 600 адам шыныға алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үстел теннисі, жеңіл атлетика және волейболмен айналысуға барлық жағдай жасалған. Жаңа нысанның ашылуына орай танымал боксшы Серік Сәпиев арнайы келіп, жерлестерін құттықтады. Келешекте кешенде 20 бапкер жұмыс істейтін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер