Қысқы

Шаңғы спортының күнтізбесі бекітілді

news-banner7
mobile-news-top

Шаңғы спортынан халықаралық федерациясының (FIS) бұл жолы хорватияның Дубровник қаласында өткен жыл сайынғы көктемгі конференциясында шаңғы спортынан 2019/2020 маусымға арналған жарыстар күнтізбесін бекітті.

Күнтізбеге сәйкес Қазақстан шаңғымен трамплиннен секіру және фристайл спортынан жарыстарды қабылдайды.

2020 жылдың 29 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Алматыда фристайлдан әлем кубогының кезеңі өтеді. 2020 жылдың 29 ақпанында әлемнің үздік фристайлшылары Шымбұлақта жүлделер үшін таласса, 1 наурызда дәл сол жерде параллельді могулдан әлем кубогының кезеңі ұйымдастырылады. Әлем кубогының бірінші кезеңі финляндияның Руккасында басталып, финалдық кезеңі швецияның Идре Фьяле елді-мекенінде болады.

Шаңғымен трамплиннен секіруден құрлықтық кубок елімізде тағы да өтеді. Бұған дейін Алматыдағы "Сұңқар" кешенінде өткен жарыс, бұл жолы 2019 жылдың 11-14 шілдеде Щучьеде ұйымдастырылады. Сол жерде сонымен қатар FIS Кубогы да болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер