Михал Билек: Қазақстанда Азарға тең келер футболшы жоқ

Михал Билек: Қазақстанда Азарға тең келер футболшы жоқ
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Брюссельде Бельгиямен өтетін ойын алдында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Негізгі құрамның бірнеше ойыншылары көмектесе алмайды. Оның үстіне сапар ұзаққа созылды. Футболшыларды ойынға қалай дайындайсыз?

- ФИФА рейтингінде көш бастап келе жатқан командамен ойнаймыз. Соңғы Әлем чемпионатында ең үздіктердің қатарынан көрінді. Жақсы футбол ойнап, оң нәтижеге ұмытылудан тартынбаймыз. Жасыл алаңға шыққан футболшылар қолдан келгеннің бәрін көрсетеді деп ойлаймын.

- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы екі ойыннан кейін Қазақстан қоржынында үш ұпай бар. Әрі қарай мақсат қандай?

- Шотландияны ұтып, іріктеу кезеңін жеңіспен бастадық. Ресейге жол бердік. Өткен іріктеу кезеңдерінен көп ұпай жинауды алға қойдық.

- Бұл тапсырманы орындау ауыр ма?

- Іріктеу қорытындысы бойынша қанша ұпай жинайтынымызды қазір айту қиын. Өйткені, алғашқы ойында мықты қарсыластардың бірімен жолығып, күтпеген нәтижеге қол жеткіздік. Алғашқы ойынды қайталағымыз келеді.

- Футболшыларды ойынға дайындауда қандай ерекше әдістер бар?

- Әр ойынға жеке дайындаламыз. Бельгияның соңғы екі ойынын талдадық. Сонымен қатар, Ұлттар Лигасындағы ойынын қарадық. Ойын жүйесі мен сапасын сарапқа салдық. Біздің команда дайындалған. Қосымша мотивацияның керегі жоқ.

- Бельгия футболшылары үш аптадан бері демалыста жүр. Жаттыққан жоқ. Ойын алдында осы жағдай басымдық бере ме?

- Нақты басымдық береді деп айта алмаймын. Екі апта футболшылар үшін үлкен үзіліс. Бельгияның кейбір ойыншылары Еуропа турнирлерінің финалында доп тепті. Барлығы бірдей демалған жоқ. Чемпионаттың да ойындары өтті.

- Бельгияның ұлттық жұлдызы – Эден Азар. Қазақстан құрамасының Азары кім?

- Азарды әлемнің ең үздік футболшыларының бірі деп санаймын. Оның ойынын қарау әрқашан қызықты. Нағыз талант иесі. Қазақстанда әзірге оған тең келер футболшы жоқ.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер