русский язык
Футбол

УЕФА Конгресінде «Ұлттар Лигасы» құрылды

УЕФА Конгресінде «Ұлттар Лигасы» құрылды

Астанада өтіп жатқан УЕФА-ның XXXVIII конгресіне УЕФА президенті Мишель Платини, ФИФА президенті Зепп Блаттер, Қазақстан Премьер-министрі Серік Ахметов және ұйымға мүше 54 елдің өкілдері қатысуда.

Конгресс кезінде УЕФА-ға мүше елдер арасында жаңа турнир ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Құрамалар арасындағы халықаралық жолдастық ойындардың нәтиже бермеуі турнирді ұйымдастыруға басты себеп болып отыр. 2018 жылдан бастап УЕФА-ға мүше елдер арасында «Ұлттар кубогы» атты жаңа жарыс өтеді. Додаға қатысатын 54 құрама 4 топқа бөлінеді. Сосын, әр топ 3-4 командадан тағы 2 топқа жіктеледі. Жеңіске жеткен төрт команда 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Алғашқы матчтар биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;