Қазақстан құрамасы Бельгияға жетті

Қазақстан құрамасы Бельгияға жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы матчын өткізу үшін Брюссельге табан тіреді.

8 маусым күні ұлттық құрамамыз Бельгия жерінде матч өткізеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасына Бактиер Зайнутдинов, Александр Меркель және Азат Нұрғалиевтің көмектесе алмайтын белгілі болған еді.

Матчта Босния және Герцеговина елінің қазылары Ирфан Пельто, Сенад Ибрисимбегович және Давор Бельжо төрелік етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Бельгия - Қазақстан матчы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні өтеді сағат 00:45-де басталады.

Ал 11 маусымда «Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Мариноны қабылдайды. ойын сағат 20:00-де басталады.

Бельгия және Сан-Мариноға қарсы ойнайтын құрам белгілі

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер