ММА

Арман Оспановтың нокауты «Ең үздік нокаут» аталымына үміткер

Арман Оспановтың нокауты «Ең үздік нокаут» аталымына үміткер
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспановтың АСА 95 турниріндегі нокауты «Ең үздік нокаут» аталымына үміткер атанды.

АСА (Absolute Championship Akhmat) тұжырымында өнер көрсететін Арман Оспанов кезекті жекпе-жегін германиялық Лом-Али Эскиевпен (15-4) өткізіп, екінші раундта қарсыласына ауыр нокаутқа жіберді. Жартылай жеңіл салмақта (66 келі) сынға түсетін отандасымыз қарсыласын секіріп барып, тіземен тепкен болатын. Бұл нокаут кештің ең үздік нокауты атанып, «Сұңқар» 10мың доллар көлемінде қосымша сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, бұл нокаут АСА тұжырымындағы «Ең үздік нокаут» аталымына бірден-бір үміткер атанды. Одан бөлек, бұл тізімде тағы 7 спортшының нокауты да бар.

Айта кетейік, Арман Оспановтың 2017 жылғы АСА 61 турниріндегі нокауты «Жылдың ең үздік нокауты» аталымын жеңіп алған болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер