Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Фиджи астанасы Сува қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Карина Құзғанбаева алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Рrosports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 224 келі (98+126) зілтемірді бағындырып, турнирде топ жарды. Карина бұған қоса, бұлқа көтеруден де, серпе көтеруден де кіші алтын медаль алды.

Бұл сында күміс жүлдеге кореялық Хен Чжу Чжан қол жеткізді 221 келі (97+124). Ал қола медаль ресейлік Екатерина Визгинаға бұырды 206 келі (93+113).

Айта кетейік, Карина Құзғанбаева 2017 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының алтын жүлдегері. Әрі сол жылы Таиландта өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алған.

Жастар арасындағы жаһан біріншілігінде жерлесіміз күміс алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер