Велоспорт

Жетісу өңірінде веложарыс өтеді

Жетісу өңірінде веложарыс өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысы аумағында халықаралық «GRAND FONDO KAZAKHSTAN TOUR OF ZHETYSU» веложарысы жетінші мəрте өтпекші.

Қазірдің өзінде күллі əлемнің 220 спортшысы айтулы додаға тіркеліп үлгерген екен. Жетісу өңірінің ең көрікті жерлерімен өтетін осы жарысты Алматы облыстық велоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр.

«GRAND FONDO» - əлемдегі ең танымал жəне беделі аса зор шоссе сайысы. Айтулы жарыста кəсіпқойлардан бастап, əуесқойларға дейін өнер көрсете алады. Жыл сайын "GRAND FONDO" додасы ондаған мемлекеттерде өтеді. Сол бəсекелерде ең үздік нəтиже көрсеткендер жеңімпаз болып танылады.

«GRAND FONDO» веложарысының тұсауы осыдан 100 жыл бұрын Италияда кесілген. Кейіннен ол əлем жəне Еуропадағы ең беделді бəсекеге айналды. Ал «Tour of Zhetysu» - осы өлкенің ең көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік беретін имидждік жоба. Осы жобаның арқасында көптеген əуесқойлар облыс аумағында бойынша өздеріне ыңғайлы түрлі бағыттарды айқындады.

Таяу күндері өтетін веложарысқа ниет білдіргендер адамдардың барлығы жəне облыстық, аймақтық жəне халықаралық комадалар мен клубтар қатыса алады. Қатысушылардың жасы 19-ден жоғары болуға тиіс.

Түпнұсқасы: egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер