русский язык
Футзал

Кафе: «Маған сенім артқан «Қайраттың» бапкерлеріне алғысым шексіз»

Кафе: «Маған сенім артқан «Қайраттың» бапкерлеріне алғысым шексіз»
«Қайрат» футзал клубының жаңа ойыншысы Кафе командасының ресми сайтына сұхбат берді. 
 
- Кафе, жаңа командаңыз қалай?
 
- Мұнда жүргеніме бір айдан астам уақыт болды. Достарым, «Қайраттың» инфраструктурасы мықты деп айтқан болатын. Оған көзім жетті. Әлі де өз ойынымды тапқан жоқпын, алдағы уақытта бәрі түзелер. Бұйыртса қойған мақсаттарымызға жетеміз. Еременко кубогында екі кездесу өткіздім. «Қайрат» бапкерлеріне маған сенім артқан үшін ризамын. Жақсы ойнадық, соның арқасында жеңіске жеттік. 
 
- «Еременко кубогын» жеңген соң, жеңісті қалай тойладыңыз?
 
- Аса көп тойлаған жоқпыз. Үйге барып демалдық, өйткені бірнеше күннен кейін бізде ойын болды. 
 
- Бұған дейін қандай жетістіктерге жеткен едіңіз?
 
- Рио-де-Жанейро чемпионатын екі рет ұттым, үш рет – Санта-Катарина чемпионатының жеңімпазы атандым. Бұдан өзге, Бразилия лигасының күміс медалін иеленгем. Сондай-ақ, Бразилия сапында Португалиядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атандым. Жуырда, Еременко кубогын ұтып алдық. Алда, Қазақстан чемпионаты мен УЕФА кубогын ұту жоспарда бар.
 
 
- Қай матч ерекше есіңізде қалды?
 
- Бразилия чемпионатында «Ривер» сапында бір кездесуде он гол соқтым.
 
- Иранда ойнапсыз, бұл ел туралы пікіріңіз қандай?
 
- Жаман емес. Тамақтарына үйрене алмадым. Әйелім біраз қиналды. 
 
- Ал Қазақстан жайлы?
 
- Мұнда мен өмірімде бірінші рет қар жауғанын көрдім. 
 
- «Қайратқа» қалай ауыстыңыз?
 
- Көп ойланған жоқпын. Ресейден ұсыныстар болған, дегенмен инфраструктурасы жақсы командада ойнағым келді. 
 
- Жақында «Қайрат» «Тұлпармен» кездеседі. Қарағандылық команда туралы не білесіз?
 
- Қазақстанға келгенінде «Тұлпардың» ойынын көрдім. Мықты ұжым, бірақ «Қайрат» мықтырақ. Алда екі ойынымыз бар, екеуінде жеңіске жетсек уақытынан бұрын ел чемпионы атанамыз.
 
- Бос уақытыңды қалай өткізесің? 
 
- Отбасыммен қыдырғанды жақсы көремін. Сондай-ақ жағажайды ұнатамын, бірақ Алматыда жағажай жоқ. 
 
- Ал базада бос уақытты қалай өткізесің?
 
- Ұйықтаймын. Ғаламтор арқылы отбасымен сөйлесемін. 
 
- Көңіл-күйіңіз ылғи да көтереңкі...
 
- Иә, жарқын жүзді адаммын. Меніңше, бұл өмірде өте маңызды. Әзіл түсінетін адамдарға жақынмын.
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;